
ЕҰУ қоғамдық қабылдау бөлмесі: Академиялық мәселелер бойынша департаментінің директоры студенттердің сұрақтарына жауап берді
ЕҰУ академиялық мәселелер департаментінің директоры Байжұман Қашқынбай университеттің қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында департамент директорына студенттер бірінші семестр аяқталуында кездесетін қиындықтар мен платонус жүйесіндегі кейбір өзгерістерге қатысты сауалдарын қойып, өз ұсыныстары мен идеяларын білдірді.
1 курс студенті Дәулет Мақашев академиялық мәселелер департаменті директорыннан «басқа ЖОО-на ауысу кезінде грант сақталады ма? - деп сұрады.
«Басқа ЖОО ауыстыру қысқы және жазғы каникул кезінде жүзеге асырылады. Сессиядан сәтті өткен және келесі курсқа ауысатын балл жинаған студенттер басқа университетке ауысуға өтініш жазуға құқылы. Сондай-ақ грант сақталады егер сессиядан қарыздар болмаған жағдайда, GPA балл келесі курсқа жеткілікті болғанда және білім беру бағдарламалар тобына сәйкес болғанда. Басқа ЖОО алмасу туралы өтінім үлгісін ЕҰУ ресми сайтынан алуға болады.» - деп жауап берді Байжұман Қашхынбай.
2 курс студенті Азира Орынбек «Platonus жүйесіндегі өзгерістер сол қалпында қалады ма?» - деп сұрақ қойды
«Қараша айында Platonus автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жаңа 6.0. нұсқасына жаңартылды. Жаңарған жүйе интерфейсі қызыл түсті. Алдағы уақытта Университетте жаңарған «Platonus» ААЖ қолданылады.» - деді академиялық мәселелер бойынша департамент директоры.
