
Саясаттану кафедрасы 2 курс магистранттарының педагогикалық практикасы туралы

2023 жылдың 9 желтоқсанында «Саясаттану» білім беру бағдардламасының 2 курс магистранттарының педагогикалық практикасы аяқталды.
Магистранттар саясаттану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы өткізетін бакалавриат сабақтарына қатысты. Қатысу кезеңінде практиканттар аудиториямен өзара әрекеттесудің негізгі дағдыларын, сондай-ақ дәріс жүргізу тәсілдерін игерді. Сонымен қатар, жұмыстың негізгі бағыты практиканттардың оқытушылармен тығыз қарым-қатынасы болды. Тиісті дағдыларды игере отырып, әрбір магистрант пән жүргізетін оқытушы мен педагогикалық практика жетекшілерінің қатысуымен ашық сабақтар мен кураторлық сағаттар өткізді.
12 желтоқсанда педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өткізіліп, магистранттар есебі тыңдалды. Магистранттар өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогикалық дағдыларды одан әрі дамытудың траекторияларын жетілдіру бойынша кеңестер алды.
Конференцияға кафедрада практикаға жауапты, доцент Қаленова Т.С., практика жетекшілері мен білім алушылар қатысты.
