
Директорлар кеңесі ЕҰУ-дың жаңа ұйымдық құрылымы мен штаттық санын бекітті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен ұйымдық құрылымға өзгертулер енгізілді.
Осы шешім шеңберінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің нұсқамаларын сақтау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жоғары білімді цифрландыруды дамытудың жоғарғы қарқынын, Университеттердің барлық электронды жүйелерінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бірыңғай жүйесіне біріктірілуін ескере отырып, Қоғамда Басқарма мүшесі-Цифрландыру және инфрақұрылым жөніндегі проректор тұлғасындағы цифрлық офицер лауазымы енгізіледі.
Қоғамның Цифрлық офицерінің негізгі міндеттерінің бірі цифрлық экожүйесі бар «smart-университеттер» моделіне көшу болып табылады. «Smart-университеттер» моделі негізгі бизнес-процестерді толық цифрландыруды ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллектті пайдалануды және деректерді толық басқаруды көздейді. Бұл модельді құру IT мамандарының біліктілігіне, сондай-ақ Университет қызметінің барлық бағыттары бойынша цифрландыру мәселелері жөніндегі басқарушылық шешімдерді бірыңғай және жылдам үйлестіруге жоғары талаптар қояды.
