
Университет ПОҚ-ның 2022-2023 оқу жылындағы KPI нәтижелері жарияланды

ЕҰУ-да профессор-оқытушылар құрамының, кафедра меңгерушілерінің және факультет декандарының KPI қорытындысын шығарды.

2022-2023 оқу жылында ЕҰУ-дың 2023 жылға арналған Даму жоспары мен Даму стратегиясы негізінде Университеттің стратегиялық даму бағыттарына сәйкес маңызды өзгерістер енгізілді. KPI карталарының критерийлері мен көрсеткіштеріне, KPI орындау қорытындылары бойынша сыйақы есебіне және ПОҚ үшін KPI конкурсына қатысу шарттарына салмақты өзгерістер енгізілді.
KPI карталарының көрсеткіштеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде алғаш рет 7-критерий «Төмендетуші көрсеткіштергес 7.2.1 Білім беру бағдарламаларын іске асырудың (2022-2023 оқу жылы үшін) ішкі мониторингі барысында анықталған кафедра бойынша сәйкессіздіктерді уақтылы жоймауы: 1) 50% және одан төмен; және 8-критерий «Жоғарлатушы көрсеткіштерге» 8.5.1 ББ іске асыру мониторингі бойынша Университеттің мониторингтік тобының мүшесі: - Стандарттар бойынша басшы; 8.5.2 ББ іске асыру мониторингі бойынша Университеттің мониторингтік тобының мүшесі: - мониторинг тобының мүшесі; 8.7 Білім беру бағдарламаларын іске асырудың (2022-2023 оқу жылы үшін) ішкі мониторингі барысында анықталған кафедра бойынша сәйкессіздіктерді уақтылы жоюы (85,1% және одан жоғары) енгізілген.
Өткен жылдармен салыстырғанда, жылдық сыйақы мөлшері алғаш рет 40%-ға көбейтілді, оның ішінде Университеттің Даму жоспарының критерийлер мен түйінді көрсеткіштерді енгізумен байланысты және инфляция ескерілді.
Конкурстық құжаттаманың нәтижелері бойынша профессор-оқытушылар құрамының, кафедра меңгерушісінің және факультет деканының KPI нәтижелерін қарау жөніндегі комиссия келесідей шешімдер қабылдады.
Университет бойынша KPI конкурсына қатысуға құқығы бар 1390 ПОҚ, оның ішінде 1099 қызметкер (81%) қатысты, оның ішінде Университеттің Басқарма төрағасы-ректорының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 1690-ЖК бұйрығымен 764 ПОҚ, кафедра меңгерушілері мен факультет декандары жылдық сыйақы иегерлері, бұл 69,5% құрады (тізімге сәйкес). KPI конкурсына қатысуға құқығы бар факультеттер бойынша сараланған тәсіл негізінде сыйақы алатын қызметкерлер бойынша мәлімет төменде келтірілген:
- Тарих факультеті– 25-тен 24 (96,0%)
- Физика-техникалық факультеті– 86-ден 70 (81,4%)
- Экономика факультеті – 91-ден 78 (85,7%)
- Ақпараттық технологиялар факультеті – 126-дан 113 (89,7%)
- Көлік-энергетика факультеті – 47-ден 34 (72,3%)
- Сәулет-құрылыс факультеті – 71-ден 43 (60,6%)
- Халықаралық қатынастар факультеті – 53-тен 35 (66,03%)
- Әлеуметтік ғылымдар факультеті – 122-ден 79 (64,8%)
- Жаратылыстану ғылымдары факультеті – 100-ден 50 (50,0%)
- Журналистика және саясаттану факультеті – 49-ден 32 (65,3%)
- Филология факультеті – 157-нен 108 (68,7%)
- Заң факультеті – 18-ден 4 (22,2%)
- Механика-математикалық факультет – 58-ден 27 (46,6%)
- Әскери кафедра – 20-дан 0 (0%)
Әріптестерімізді құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!
ПОҚ, кафедра меңгерушілері мен факультет декандарының KPI тізімі
