
ЕҰУ-дың 29 қызметкері "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға барады ЕҰУ

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 41 кандидаттан Еуразия ұлттық университетінің 29 қызметкері мен оқытушысы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

ЕҰУ қызметкерлері Рединг университеті (Ұлыбритания), Джордж Вашингтон университеті, Иллинойс университеті (АҚШ), Улудаг университеті (Түркия), Кембридж университеті (Англия), Оснабрюк университеті (Германия), Heriott Watt University (Шотландия) сияқты әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алады. Оқыту 3 айдан 1 жылға дейін созылады.
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімінде: Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор Назгүл Айдарғалиева, Ғылым департаментінің директоры Алма Закирова, Психология кафедрасының доценті м.а. Жазира Абдыхалықова, Шығыстану кафедрасының профессоры м.а. Зибагуль Ильясова, Педагогика кафедрасының профессоры Айжан Абибулаева, шет тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Байбатырова, Мемлекеттік аудит кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Әлібекова, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Ғанижамал Көшенова, Алгебра және геометрия кафедрасының доценті Жанар Дюсембина, Қозғалысты тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану кафедрасының профессоры м.а. Айжан Мұхаметжанова, Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Әнуар Әлкеев, Туризм кафедрасының меңгерушісі Ләйла Муталиева, Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұлан Үмітқалиев, Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Әбдірасылов, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Бейбіт Тоқтарбай, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Айбарша Жақсылық, Техникалық физика кафедрасының доценті Әнуар Алдонғаров, Жалпы биология және геномика кафедрасының профессоры м.а. Айгүл Дінмұхамедова, Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Бағыш Ғабдулина, Саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Әлия Тұрсынбек, Жалпы және теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы Жанна Сағидуллаева, Химия кафедрасының профессоры м.а. Нұрия Омарова, Жалпы және теориялық физика кафедрасының доценті м.а. Нұржан Серікбаев, Жүйелік талдау және басқару кафедрасының аға оқытушысы Индира Орман, Шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Сағима Сұлтанбекова, Баспа және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Жанерке Ералина, Техникалық физика кафедрасының доценті Айсұлу Әбуова, Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры Марал Нұртазина, Философия кафедрасының профессоры Айгүл Тұрсынбаева.
Айта кетейік, биыл 167 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.
