
ЕҰУ қызметкерлері мен ПОҚ цифрлық дағдыларға үйрететін болады
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
05.01.2024 1376

ЕҰУ-де «Smart Университет: цифрлық дағдылар, онлайн оқыту, жасанды интеллект» 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы басталды.

Курстың мақсаты - оқытудың онлайн әдістерін меңгеру деңгейін, оқытушылар мен қызметкерлердің IT- құзыреттілігін арттыру, сонымен қатар оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Осыған дейін Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаменті мен Үздіксіз білім беру институты ЕҰУ-дің оқытушылары үшін ұйымдастырған «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы заманауи оқытушының цифрлық дағдылары», «IT құзыреттіліктер және онлайн оқыту әдістері» атты біліктілікті арттыру курстарында 1000-нан аса оқытушы тәмамдаған.
Бөлісу:
