
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасы ұйымдастырған Астана қаласы мектептерінің 10 сыныптары арасында химия пәні олимпиадасының аудандық кезеңінің есебі
ЕҰУ жаңалықтары
10.01.2024 532





10.01.2024 ж. Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасында Астана қаласының мектептерінің 10 сыныптары арасында химия пәнінен олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қатысуға өтініш берген Алматы ауданы бойынша 11 мектеп, 21 оқушы, Сарыарқа ауданы бойынша 11 мектеп, 24 оқушы, Есіл ауданы бойынша 6 мектеп, 14 оқушы, Байқоңыр ауданы бойынша 7 мектеп, 9 оқушы, Нұра ауданы бойынша 5 мектеп, 17 оқушы.
Өтініштің жалпы саны 102, оның ішінде олимпиадаға қатысқан оқушылар саны 85 болды. Олимпиада химия кафедрасында 10:00 - 12:00 аралығында № 3 корпустың 119 аудиториясында өтті. Барлық жұмыстарды комиссия мүшелері тексерді.
Бөлісу:
