
ЕҰУ-да аймақтық пәндік олимпиада басталды

Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында аймақтық пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.

2018 жылдан бастап соңғы 5 жылда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дәстүрлі түрде Астана қаласы мен Ақмола облысының мектептерімен тығыз байланыста аймақтық пәндік олимпиадасын өткізеді. Олимпиада бағдарламасы білім беру бағдарламаларын анықтау кезінде негізгі пәндер болып табылатын 15 негізгі мектеп пәнін қамтиды.
Сабақтан тыс іс-әрекеттің бір түрі болып табылатын пәндік олимпиада бәсекелестік рухын арттыра отырып, жарыс жағдайында өз білімі мен дағдыларын дамыту арқылы білім сапасын арттыру тәсілі болып табылады. Аймақтық пәндік олимпиаданың мақсаты университетке түсу емтихандарына дайындалуға қолдау көрсету үшін дарынды оқушылар мен дарынды балаларды анықтау болып табылады.
5-9 қаңтар аралығында олимпиадаға қатысуға ниет білдірушілер онлайн тіркеуден өтті. 15 секция бойынша 1500 өтініш қабылданды. Бірінші күні зияткерлік сайысқа 7 секция бойынша Астана қаласы мен Ақмола облысы мектептерінің 600 оқушысы қатысты.
Ашылу салтанаты басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Серік Мақыштың құттықтау сөзінен басталды. Серік Биханұлы олимпиаданы өткізу тарихы, оның мақсаттары туралы айтып, барлық қатысушыларға табыс тіледі. Одан кейін академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Байжұман Қашхынбай сөз сөйледі. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбілмажин Адамов зияткерлік қабілеттерін дамытудың маңыздылығы туралы айтты. Бұдан әрі олимпиаданы өткізу ережесі кәсіптік бағдар беру бөлімінің бастығы – қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лаззат Егеубаева жариялады.
Олимпиаданың ұзақтығы 5 күнді құрайды, содан кейін олимпиаданың қорытындысы 16 қаңтарда жабылу салтанатында шығарылады.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!
13 қаңтарда өткізілген аймақтық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары
11,12 қаңтарда өткізілген аймақтық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары
