
2024 жылдың 18 қаңтарында Жан Монне «EUROSOFT» шеберлік орталығының жобасы аясында «Мәдени дипломатия және жұмсақ күштің табыс факторлары» тақырыбында вебинар өтті

2024 жылдың 18 қаңдарында Жан Монне «EUROSOFT» шеберлік орталығының жобасы аясында «Мәдени дипломатия және жұмсақ күштің табыс факторлары» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар ALEM қауымдастығы (Париж, Франция) және «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» стипендиаттарымен (Дрезден техникалық университеті) бірлесіп ұйымдастырылды.
Вебинар барысында Еуропалық Одақ елдерінің де, Қазақстан Республикасының да мәдени дипломатиясының және жұмсақ күшінің өзекті мәселелері талқыланды. ALEM қауымдастығының президенті Имашева З. «Қазақ-француз мәдени қарым-қатынастары», ALEM қауымдастығының вице-президенті Искакова М. «Қазақстанның Франциядағы мәдени дипломатиясы», Жан Монне «EUROSOFT» шеберлік орталығының жобасының мүшелері және «500 ғалым» Болашақ бағдарламасының стипендиаттары (Дрезден техникалық университеті) Жанбулатова Р.С. «Орталық Азия елдеріндегі француздық «жұмсақ күш» (Қазақстанның мүмкіндіктері)», Кенжалина Г.Ж. «Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың жұмсақ күші: тұжырымдамалық негіздері», Құсайынова А.М. «Орталық Азиядағы неміс мәдени дипломатиясы жұмсақ күш құралы ретінде» баяндамалары жасады.
Талқылауға Л.Н. ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
