
Докторант зерттеулерінің нәтижелері мектеп тәжірибесіне енгізілуде

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасы 8D01717-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Ыбырай Тұранов Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы "Қараөткел мектеп-гимназиясы" КММ қабырғасында өзінің ғылыми-зерттеу жұмысына байланысты "Қазақ есімдерін нормалау негіздері" атты авторлық бағдарламасын өндіріске енгізіп, практикалық тұрғыдан 10, 11-сынып оқушыларымен педагогикалық жұмыс жүргізіп жатыр. Аталған авторлық бағдарламаны аудандық, облыстық әдістемелік кабинеттері және республикалық Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық Білім академиясының әдіскер ғалымдарының алдында қорғап, республикалық орта білім беру мекемелерінде элективті курс, факультативтік пән ретінде кіргізуге ұмтылып келеді. Пәннің мақсаты - оқушылардың тілдік-танымдық ойлау, сөйлеу жүйесі мен сауатты жазуын қалыптастыру, ұлттық болмысын тереңдетуді көздейді.
