
ЕҰУ директорлар кеңесінің мүшесі академик Шмидт Айталиев атындағы медальмен марапатталды



«Rixos» қонақ үйінің бас директоры, PhD докторы Тансел Терджан (Tansel Tercan) академик Ш.Айталиев атындағы халықаралық құрметті геотехникалық медальмен марапатталды. Марапат Қазақстан геотехникалық қауымдастыққа табыс етілді. Сондай-ақ, ЕҰУ атынан ректор Ерлан Сыдықов Тансел Терджанға университеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Алғыс хат табыс етті.

Қазақстан геотехникалық қауымдастығының президенті, профессор Асқар Жүсіпбеков, «Rixos» қонақ үйінің бас директоры, PhD докторы Тансел Терджан 2023 жылдың тамызында Астанада өткен Топырақ механикасы және геотехникасы бойынша 17-ші Азия аймақтық конференциясын бірлесіп ұйымдастырғанын атап өтті.
«PhD докторы Tансел Терджан ЕҰУ-да ғылыми-техникалық іс-шараларды өткізуге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Солардың бірі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен Топырақ механикасы және геотехника бойынша 17-ші Азиялық аймақтық конференция болды. Бүгін біз Тансел Терджанды жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласын өмір бойы зерттеген отандық көрнекті маман, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Шмидт Мұсаұлы Айталиев атындағы халықаралық құрметті геотехникалық медальмен шетелде және Қазақстанда отандық геотехниканың жетістіктерін белсенді насихаттағаны және қазақстандық геотехникалық қауымдастықтың қызметін тұрақты қолдағаны үшін марапаттадық», - деді А.Жүсіпбеков.
Айта кетейік, Тансел Терджан 2021 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторантурасын сәтті аяқтап, «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторлық дәрежесін алды. Ол сонымен қатар ЕҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі.
