
Химия пәнінен ІІ Халықаралық Интернет-олимпиада жеңімпаздары





Махтумкули атындағы Түркімен мемлекеттік университетінде әлемнің 22 елінен келген жоғары оқу орындары студенттері арасында химия пәнінен ІІ халықаралық интернет-олимпиадасы 2023 жылдың 14-17 қарашасында өтті.
Интернет-олимпиаданың қазылар алқасының құрамына М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессорлары (Ресей), Беларусь мемлекеттік университеті (Беларусь) және Баку мемлекеттік университеті (Әзербайжан) кірді.
Химиядан онлайн олимпиада дарынды жас ғалымдарды анықтау және университеттердің ғылыми орталықтары арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізіледі.
17 қарашада ІІ халықаралық интернет-олимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.
Химия кафедрасының білім беру бағдарламасының студенттері қатысты
ІІ-дәрежелі дипломды химия кафедрасының 4 курс студенті Сейдахмед Нұрдәулет (БББ 6В05302 – Бейорганикалық химия) және 3 курс студенті Молдалиева Аяла Талғатқызы (БББ 6В05301 – Қолданбалы химия) жеңіп алды.
