
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасы ұйымдастырған Астана қаласы мектептерінің 7- 10 сыныптары арасында химия пәні олимпиадасының университеттік кезеңінің есебі





















Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасында Астана қаласы мектептерінің 7-10 сыныптары арасында химия пәнінен олимпиаданың университеттік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға берілген өтінімдердің жалпы саны 86 оқушы, олимпиадаға 63 оқушы қатысты.
Олимпиадаға қатысқан мектеп саны-20. 7 сынып бойынша 24, 8 сынып бойынша 16, 9 сынып бойынша 11, 10 сынып бойынша 12 оқушы, олимпиадаға қатысты.
Олимпиаданың теориялық туры 16.02.2024ж. химия кафедрасында 16:00-ден 18:00-ге дейін № 3 корпустың 228 аудиториясында өтті.
Тәжірибелік тур 19.02.2024ж. 8.00-10.00 аралығында №156 химия зертханасында өтті. Барлық жұмыстарды комиссия мүшелері тексерді. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылардың тізімі:
