
Шығыстану кафедрасының ұйымдастырумен 2024 ж. 14 қаңтар күні Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназиясында кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өтті.

Шығыстану кафедрасының ұйымдастырумен 2024 ж. 14 қаңтар күні Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназиясында кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өтті. Жиынға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Абжаппарова Бибихадиша Жүрсінқызы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, арабтанушы Ақжігіт Әлібекұлы, ф.ғ.к., арабтанушы Құрманғали Гүлнара Қанатқызы, магистр, қытайтанушы Дүйсенқожа Ермек, магистр, корейтанушы Шәкен Нұрзат және 4 курс студенті Зүлфайдар Мұхаммед оқушыларды Еуразия ұлттық университетінде оқытылатын шығыстану мамандығымен таныстырды. Қазіргі кездегі шығыстану өте қажет мамандықтардың бірі болғандықтан оның артықшылықтарын айтып, білім беру бағдарламасы, сабақ беретін шетелдік оқытушылар және тілдік клубтар туралы толық ақпарат берілді. Шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша араб, қытай, корей, жапон, парсы тілдерін үйрене отырып, сол елдердің тарихын, саясатын, мәдениетін, экономикасын терең игерген сарапшы, аудармашы-референт, кеңесші, ғылыми қызметкер болуға шақырды. Кездесу соңында болашақ түлектерге буклеттер таратылды. Осы кездесуді ұйымдастыруға атсалысқан мектеп директоры Кашаева Айгул Ондагановнаға, тәрбие жұмысы бойынша орынбасар Касенова Бакытгул Сериковнаға, Айнұр Қайроллақызына, мектеп психологына, сынып жетекшілеріне алғыс айтамыз.
#nur_abai_87mg
Авторы: Құрманғали Г.Қ.
