
Инклюзивтік орталықты дамыту басымдықта
ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов Инклюзивті білім беру орталығынын тыныс-тіршілігімен танысты және орталықтың дамуына бағыт-бағдар берді.
ЕҰУ әртүрлі әлеуметтік санаттағы студенттердің, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жағдайына ерекше көңіл бөлінген. 2023-2024 оқу жылы бойынша деректерге сүйенсек, университетте білім алуда ерекше қажеттіліктері бар 162 студент бар. Олар үшін арнайы бейімделген білім беру бағдарламалары әзірленген. Сондай-ақ кедергісіз, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуға барынша жағдай жасалып, көлік құралдары үшін арнайы бөлінген автотұрақ бар.
«Біз ЖОО қабырғасында білім алушыларға жағдай жасау мәселесін тұрақты бақылауда ұстаймыз. Осы мақсатта Әлеуметтік-мәдени даму, Академиялық мәселелер, Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректорлар мен құрылымдық сала басшыларымен Инклюзивтік білім беру орталығының жұмысымен танысуға келдік. Мақсат – барынша қажетті жағдай жасау. Сондықтан білім беруде ерекше қажеттіліктері бар студенттермен тікелей қарым-қатынас жасайтын мамандардың санын арттыру қажет», - деді Ерлан Сыдықов.
Кездесуде Инклюзивті білім беру саласындағы профессорлық-оқытушылық құрам мен ЕҰУ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету үшін тәжірибелі мамандар қажеттігі айтылды. Орталық Әлеуметтік ғылымдар факультеті жаныннан ашылған болатын. Оған психолог, кәсіби бағдар беруші, заңгер, логопед және дефектолог, дәрігер-реабилитолог, тренер секілді мамандар қажет. Қолайлы жағдай жасау үшін Инклюзивті коворкинг ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта Career Enbek негізінде әлеуметтік қызметкерлердің құзыреттілігін және олардың 8 біліктілік деңгейіне бөлу арқылы мансаптық өсуін анықтайтын кәсіби стандарт әзірленген. Психология кафедрасы меңгерушісінің айтуынша, кәсіби стандарт әлеуметтік қызметкерлердің 5 деңгейін қамтиды, оның ішінде 2 орта арнаулы білімі бар мамандар және 3- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер қарвстырылған. Оның ішінде студенттер үйінде тегін тұрады жатын орын беріледу және көру және есту қабілеті бұзылған студенттерге емтихан нәтижесі бойынша оқу үлгеріміне сәйкес білім алушының шәкіртақысына қосымша 75% үстемеақы төленеді.
Сонымен қатар университеттің Ғылыми кітапханасында инклюзивті ақпараттық-ресурстар орталығы жұмыс жасайды. Осыдан бес жыл бұрын ашылған орталықтың негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге ақпараттық қолдау көрсету. Орталықтың қолдауының арқасында кедергісіз орта және ақпараттық-кітапхана ресурстарына тең қолжетімділік қамтамасыз етілді. Орталық көру қабілеті бұзылған студенттерге Брайль қарпіндегі кітаптарды, ғылыми білімнің әртүрлі салаларындағы кең медиатеканы және көру қабілеті нашар және зағип жандарға арналған арнайы қызметі бар мобильді қосымшалары бар электронды ресурстарды ұсынады.
