
"Өсімдік ұлпалары" - Жалпы биология және геномика кафедрасында ашық сабақ

16 ақпан 2024 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Жаратылыстану ғылымдар факультеті, Жалпы биология және геномика кафедрасының доценті, б.ғ.к. Атаева Гульшат Мукановнаның “6В05107-Биология- мамандығының Бг-17 тобы студенттерімен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ “Ботаника” пәнінен “Өсімдік ұлпалары” атты тақырып аясында өтті.
Сабақ барысы: ашық сабақ қазіргі жаңа методикалардың көмегімен жүргізілді. Алдымен арнайы Вассерман технологиясымен үш топқа бөлініп, нақты тапсырма алды. Арнайы уақыт ішінде өз тапсырмаларын тақтаға шығып постер және презентацияны тайм-менеджмент әдісін сақтап қорғап шықты. Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясы, және ассоциограмма, smart мақсат, case study, жоба әдісі, блиц-тест, бейне ролик әдістері қолданылды.
Сабағымыздың жалғасы “Өсімдік ұлпаларының түрлері және жіктелуі” теориялық материалы түсіндіріліп, кейін студенттер зертханалық жұмысқа кірісті.
Ашық сабақ нәтижесінде студенттер арасында “Студенттердің рефлексиясы” әдісі қолданылып сабақтың нәтижесін біле алдық. Сабақтың нақты мәні ашылып, Б.Блум таксономиясы арқылы білімалушылар бағаланды. Ең бастысы жаңа методикаларды қолданып, тәжірибеде сынай білді.

