
Отбасы Банкінің бағдарламалары туралы ЕҰУ студенттеріне айтылды

Еуразия ұлттық университетінде «Ұлттық қор-балаларға» ақпараттық - түсіндіру бағдарламасы аясында бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараны Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің әлеуметтік жобалар бөлімі «Отбасы банк» АҚ Орталық филиалының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды. Жиналысқа 1 курс академиялық топтарының жетекшілері қатысты.
Кеңесші Қалдыгүл Омұрзақова студенттер алдында сөз сөйлеп, осы кездесудің тақырыбымен, мақсаты мен міндеттерімен таныстырды.
Кездесудің бірінші бөлімінде «Отбасы Банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бірінші санатты маманы Гүлжазира Мейірғалиқызы студенттер алдында баяндама жасады. «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Бизнесті дамыту бөлімінің маманы Гүлжазира Мейірғалиқызы студенттерге банктің бағдарламалары, тұрғын үй мен білімге депозит ашу шарттары туралы айтып берді.
Кездесу барысында студенттер бағдарлама туралы, сондай-ақ тұрғын үй және білім алу үшін депозит ашу жолдары туралы пайдалы және өзекті ақпарат алды. Олар студенттерге қандай құжаттар қажет екенін кезең-кезеңімен көрсетті: электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы, шот ашу және т.б.
Келесі кезекте банк кеңесшілері ақпараттық буклеттер таратты. Жиын дәстүр бойынша сұрақ-жауаппен аяқталды.
Жиынның екінші бөлімінде Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің теолог маманы Мұратбек Оңталапұлы жиынға қатысушыларды құқықтық сауаттылық пен діни экстремизмнің алдын алу туралы ақпараттандырды.
«Қаржылық сауаттылық» тақырыбындағы үшінші кездесуде Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы Анаргүл Мұратбекова несиелік жүйе, несиенің пайдасы мен зияны туралы айтты.
