
ЕҰУ студенттері мен оқушылар химия бойынша бірлескен зерттеу жүргізді
ЕҰУ жаңалықтары
22.02.2024 361









2024 жылдың 13 ақпанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің “Химия кафедрасының” оқу зертханасында химия кафедрасының 2 курс студенттері кафедраның доценті Тосмағанбетова Кульди Сулейменовнаның ұйымдастыруымен және Ахмет Байтұрсынов атындағы 48 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Жанатаева Назира Якимқызының жетекшілігімен 10 “Ә” сынып оқушылары арасында бірлескен “Химиялық қосылыстардың құрамын сапалық анықтау” тақырыбы аясында, тәжірибелік сабақ өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - жоғары оқу орыны мен мектеп арасында тығыз қарым-қатынас орнату, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, зертханалық және практикалық жұмыстары негізінде өзіндік жұмыс жасауға бейімдеу және химия мамандығына баулу.
Бөлісу:
