
ЕҰУ-да Қазақстан мен Орталық Азиядағы корпоративтік хатшылар институтын дамыту бойынша мастер-класс өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Корпоративтік хатшы қызметі. Орталық Азия Корпоративтік хатшылар қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстан мен Орталық Азиядағы корпоративтік хатшылар институтын дамыту туралы» мастер-класс өткізді.

Іс-шараға офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматтарда Қазақстанның жоғары оқу орындарының 40-тан астам корпоративтік хатшылары, квазимемлекеттік сектордың корпоративтік басқару саласының қызметкерлері, коммерциялық ұйымдар мен банктер, сонымен қатар ЕҰУ бакалаврлары, магистрлері және докторанттары да қатысты.
Мастер-класста Еуразия ұлттық университетінің Корпоративтік хатшысы, «Қазақстанның Корпоративтік хатшысы-2023» республикалық конкурсының жеңімпазы Мадияр Орынбаев университетте корпоративтік басқарудың дамуы туралы айтып, ЕҰУ-дағы нақты жобалар мысалында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Орталық Азия корпоративтік хатшылар қауымдастығының атқарушы директоры Жәрдем Құрманғазиев Қазақстан мен Орталық Азиядағы корпоративтік хатшылар институтының дамуы туралы ақпаратпен бөлісті.
Мастер-класс интеллектуалды пікірталастарға арналған аренаға айналды. Корпоративтік басқару саласындағы ең өзекті мәселелер талқыланды, ал семинарға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып қана қоймай, жан-жақты және шабыттандыратын шешімдер, сондай-ақ күнделікті жұмыста пайдалы болатын жаңа идеялар мен практикалық ұсыныстарға ие болды.
