
ЕҰУ-дің Экономикалық факультетінде «Цифрландыруды дамыту және электронды коммерцияның институционалдық ортасын қалыптастыру: тенденциялар, мәселелер және шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2024 жылғы 20 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетінің базасында ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитеті Экономика институтының филиалы және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрландыруды дамыту және электрондық коммерцияның институционалдық ортасын қалыптастыру: трендтер, проблемалар және шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына ҚР Парламенті Сенатының, ҚР сауда және интеграция министрлігінің, Казтрейд ЖШС өкілдері, Полтава мемлекеттік аграрлық университетінің (Украина), Новосібір мемлекеттік университетінің (Ресей) шетелдік ғалымдары, Қазақстанның, Астана және Алматы қалаларының өңірлік жоғары оқу орындарының ғалымдары мен зерттеушілері қатысты. Конференцияның модераторы "Экономика және кәсіпкерлік" кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Азатбек Т.А. болды. Конференцияға қатысу онлайн және офлайн форматта жүзеге асырылды.

Конференцияда экономиканы цифрландырудың, электрондық коммерцияны және оның Қазақстандағы институционалдық ортасын дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесі талқыланды. Конференцияның пленарлық отырысында белгілі кәсіпкер және электрондық коммерцияның ірі қазақстандық жобаларының негізін қалаушы, Қазақстанның интернет-бизнес қауымдастығының төрағасы Константин Горожанкин баяндама жасады.


Конференция Қазақстан, Украина және Ресейдің тәжірибешілері мен зерттеушілері арасында идеялар мен ұсыныстар алмасудың өзіндік алаңына айналды. Конференция қорытындысы бойынша конференция қарары жарияланды.
Конференция барысында жас зерттеушілердің - магистранттар мен докторанттардың баяндамалары тыңдалды, олардың үздіктері дипломдармен марапатталды.
1-орын Рахметуллина А.А. берілді, ғылыми жетекшісі э.ғ.д. Дубина И. Н.

2 орын – Строганов Н.А., ғылыми жетекшісі т.ғ.к. Рахметулина Ж.Б., Сапиолдаева Б.К. ғылыми жетекшісі Абенов Е.М.,

3 орын – ғылыми жетекші, экономика ғылымдарының докторы Сигаури М. Азатбек Т.А., Козуб Р., Холовач С., Сысоиева Т., Энназарова Е.Е., ғылыми жетекшісі т.ғ.к. Тұрмаханбетова Ш.Ш.

