
Қазақстанның мемлекеттілігі туралы кітап-атлас авторы Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлік құрамы алдында дәріс оқыды

ЕҰУ Заманауи зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өзінің «Қазақстанның тарих толқынындағы үздіксіз мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеті XVI–XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталарда» атты кітабының негізінде мемлекеттік күзет қызметінің офицерлері мен қызметкерлеріне ашық дәріс оқыды.

Лектор атап өткендей, ол 17 жылдан астам уақытын бүкіл әлем бойынша қазақ мемлекеті көрсетілген ежелгі карталарды іздеуге арнады. Ол іздестіру барысында Еуропа мен АҚШ-та Қазақ мемлекеті бейнеленген 300 ортағасырлық картаны тапты.
«Карталар қазіргі Қазақстанның мемлекет ретінде өте күшті, ұзақ және үздіксіз мемлекеттіліктің тарихы бар екенін растайтын маңызды дереккөздердің бірі болып табылады. Дәл осыны ежелгі карталардың жәдігерлері растайды, өйткені олар Қазақстанды басқа мемлекеттердің өкілдері көргендей бейнелейді», - деп атап өтті Мұхит-Ардагер Сыдықназаров.
Кітап-атлас «Қазақстанның тарих толқынындағы үздіксіз мемлекеттілігі. XVI–XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті» XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекеті бейнеленген 2000-нан астам ежелгі еуропалық және американдық карталар туралы бұрын белгісіз деректерді, жаңа жазбаша тарихи дереккөздерді және одан әрі іргелі және қолданбалы ғылымдар үшін жаңа ғылыми деректер жиынтығын қамтиды.
М-А.Сыдықназаровтың еңбегінде 1562-1879 жылдар аралығындағы қазақ мемлекеттілігін айқын көрсететін 130 карта бар. Оның салмағы 6 кг.
ЕҰУ ғалымының зерттеулері мен жаңалықтары бірқатар елдердің саясаткерлері және ғылыми әлемде қазақ мемлекеттілігін дәлелдеу мәселесін ең құнды жазбаша дереккөз болып саналатын бұрын-соңды болмаған картографиялық материал арқылы біржола шешіп тастады.
Кітаптың алғашқы оқырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды, ол кітап-атлас пен авторды жоғары бағалап, республиканың барлық аймақтарында, сондай-ақ халықаралық шараларда көрмелер мен галереялар ұйымдастыруды ұсынды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек М-А. Сыдықназаровтың еңбегін жоғары бағалап, оқу орындарында картографияны енгізу мен зерделеудің уақыты келгенін атап өтті. ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов алғашқылардың бірі болып жаңашыл, бірегей ғалымды қолдап, университетте XV-XIX ғасырлардағы қазақ мемлекетінің еуропалық және американдық карталарының галереясын ашуды ұйымдастырды.
Университет ұжымы да әріптестерінің жұмысын жоғары бағалады, қолдау көрсетудің белгісі ретінде факультеттерде, мектептерде және әртүрлі ұйымдарда кездесулер мен дәрістер өткізіп келеді.
Дәріс соңында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, генерал-майор Сәкен Исабеков профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровқа, оның ассистенті, ғылым бөлімінің қызметкері Салтанат Сыдықназароваға және дәрісті ұйымдастырушы, ЕҰУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Күлзира Ысқақоваға алғыс хаттар табыс етті.
