
Психология кафедрасының меңгерушісі Мамбеталина Әлия Сақтағанқызы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында «Психоконсалтингтің заманауи бағыттары» пәні бойынша студент-психологтарға дәріс оқиды.
ЕҰУ жаңалықтары
28.02.2024 599

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде психология кафедрасының меңгерушісі Алия Сактаганқызы Мамбеталина академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2024 жылғы 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында Өзбекстан, Ташкент қаласында 36 академиялық сағат көлемінде офлайн режимде “психоконсультацияның заманауи бағыттары” пәні бойынша психолог студенттерге дәріс оқиды.

Бөлісу:
