
«Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды-2023
Еуразия ұлттық университетінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2023 жылғы рейтингінің қорытындысы бойынша сертификаттарды табыстау рәсімі өтті.
Басқарма төрағасы - ректор Ерлан Сыдықов құттықтау сөзінде ЕҰУ-дың «Атамекен» ҰКП рейтингісіне қатысудың маңыздылығына тоқтап, университет білім беру бағдарламаларының көшбасшылар қатарында тұрақты орын алуын атап өтті, бұл білім беру сапасының ұдайы өсуін және жаңа жетістіктерге ұмтылысын көрсетеді.
Сондай-ақ білім беру қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін факультет декандары мен кафедра меңгерушілері Басқарма төрағасы - ректор Е. Сыдықовтың атынан құрмет грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.
Біз факультеттер мен кафедраларды шын жүректен құттықтаймыз. Білім беру үдерісін дамытуда және университетіміздің әлеуетін нығайтуда одан әрі жоғары көрсеткіштер мен жаңа жетістіктер тілейміз.
Стратегиялық даму департаменті Аккредиттеу және рейтинг бөлімі
