
Химия кафедрасы ұйымдастырған Астана қаласы мектептерінің бітіруші сыныптары арасындағы химия олимпиадасы









13.01.2023 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасында Астана қаласының мектептерінің бітіруші сыныптары арасында аймақтық пәндік олимпиада өтті Химия пәні бойынша өтініш бергендердің жалпы саны 66 адам болды, 51 адам қатысты. Барлық қатысушылар Астана мектептерінен болды. Олимпиада химия кафедрасының № 3 корпусының 121 аудиториясында сағат 15.00-де басталып, сағат 17.00-ге дейін өтті. Барлық жұмыстарды пәндік комиссия мүшелері қарады.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 место - Шишкина Виолетта Витальевна, №72 мектеп-лицей Астана қ., химия пәні мұғалімі: Кожахметова Лейла Жакпаровна
2 место - Серимбетов Нұркелді Муратулы, № 16 мектеп Астана қ, химия пәні мұғалімі: Бегенова Айна Каирбековна
2 место - Джумагулов Гали Усманович, Х.Ж Садвакасов атындағы астаналық мектеп ЖМ. Астана қ, химия пәні мұғалімі: Ольга Алексеевна Ворочевская
3 место - Мирзахметов Асылжан Құлмуханбетұлы, № 60 мектеп-лицей Астана қ,
химия пәні мұғалімі: Мунайтбасова Куляш Хамитовна
3 место - Пшенников Богдан Романович, Алихан Букейханов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі Астана қ, химия пәні мұғалімі: Ногурбекова Жанар Бакуовна
3 место - Имаш Нурболат Ерланулы, А. Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицей Астана қ, химия пәні мұғалімі: Коканова Батеш Данабековна
PhD, Доцент м.а. ТОСМАГАНБЕТОВА КУЛЬДИ СУЛЕЙМЕНОВНА
