
Халықаралық қатынастар факультетінде шет тілдерінен халықаралық онлайн-олимпиада өткізілді

2024 жылдың 29 ақпанында Л.Н. Гумилев ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен тілдік емес бағыттағы студенттер арасында шет тілдерінен (ағылшын, неміс, француз, испан) жыл сайынғы халықаралық онлайн-олимпиада өткізілді.
Халықаралық олимпиаданың мақсаты – көптілділік идеясын қолдау, шет тілдерін үйренуге мотивацияны арттыру және студенттердің әлеуметтік-мәдени, лингвистикалық және мәдениетаралық құзыреттілігін кеңейту.
Іс-шара салтанатты ашылу рәсімімен басталып, алқа мүшесі – оқу ісі жөніндегі проректор С.Б. Мақыш, халықаралық қатынастар факультетінің деканы М.М.Қосыбаев, ХҚФ шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Мейрамбекова Л.К. құттықтау сөзін сөйледі.
Жаһандану үдерісінің үздіксіз тереңдей түсуі аясында қарым-қатынас пен ынтымақтастық әрбір адам үшін де, әрбір ел үшін де маңыздылығы артып отырғаны анық. Ал шет тілдерін білу және тілдік кедергіні жою қабілеті осы қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудың маңызды шарттарының бірі болып табылатыны сөзсіз. Шет тілін білу ол жаңа көкжиектерді ашады. Ол басқа мәдениет әлемінің кілтіне айналады, оның өкілдерін танып, түсінуге ғана емес, сонымен қатар өзіне жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі.
Сондай-ақ, студенттер арасында білім мен дағдылар алмасуға және олардың шет тілін жоғары деңгейде меңгерулерін көрсетуге мүмкіндік беретін тамаша алаң болып табылатын мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын құттықтау сөздерінде атап өтті.
Олимпиада онлайн режимінде өтті, бұл іс-шараға басқа елдерден қатысқан студенттерге мүмкіндік берілді. Оған 3 ел мен 17 университеттен 150-тан астам студент қатысты.
Олардың қатарында Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің серіктес университеттері бар. Бұл Сочи мемлекеттік университетінің (Ресей), Тюмень индустриалдық университетінің (Ресей), Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің, Қырғызстанның Халықаралық университетінің (Қырғызстан), Ош мемлекеттік университетінің (Қырғызстан) студенттері.
Олимпиадаға Қазақстандағы жоғары оқу орындарынан қатысты: Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті. (Қарағанды), Әбілқас Сағынов ат. Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды), Қарағанды Қазтұтынуодағы университеті (Қарағанды), Әлкей Марғұлан ат. Павлодар педагогикалық университеті (Павлодар), Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университеті (Көкшетау), Халықаралық университет Астана (Астана қ.) ), М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті (Астана), С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті (Астана).
Ағылшын тілінен олимпиадаға тілдік емес мамандықтардың 1 курс студенттері, неміс және француз тілдерінен 2 курс студенттері қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: I тур – тыңдау; 2 тур – ұсынылған тақырып бойынша сөйлеу.
Екінші турға олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу құқығы жекелей есепте бірінші турдың қорытындысы бойынша 80%-дан жоғары дұрыс жауап жинаған қатысушылар кіреді.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Д.О.Салиева көп жылдар бойы олимпиада модераторы болып келеді.
Ол қазылар алқасының тізімін жариялады, оның құрамына шетелдік және отандық профессорлар кірді: Сюзанна Франк – неміс тілі оқытушысы, кәсіптік оқыту орталығы, Некаргемунд қаласы (Гейдельберг), Германия; Сара Шепард, жұмысшы консорциумының ағылшын тілі мұғалімі, Астана қаласы; Дамьен Верьер – француз тілі оқытушысы, Француз альянсы; Диего Амадо Гарсиа - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті, шет тілдері кафедрасының оқытушысы; Ванесса Пуджолс Меджиа, Халл университетінің докторанты, Англия; Бексултанова Гүлзада Әзімқанқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қырғызстан халықаралық университеті UNPC Шығыс кампусы факультетінің деканы; Дүйсекова Күләш Керімбекқызы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Филология факультетінің шетел филологиясы кафедрасының профессоры; Есенғалиева Анна Михайловна – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті шет тілдері кафедрасының профессоры; Жусупова Гаухар Мусаевна - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы.
Қазылар алқасының мүшелері олимпиадаға қатысушылардың барлығының дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.
Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Ағылшын тілі:
1 дәрежелі дипломдар:
- Калиева Карина (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Мурат Улия (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
2 дәрежелі дипломдар:
- Макридина Ева (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ)
- Султанова Айша (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Оскентай Аида (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Кариева Камила (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Бейсембай Еркебулан (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Муканов Болат (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
3 дәрежелі дипломдар:
- Насрулла Насрин (Ош мемлекеттік университеті)
- Рудыкин Александр (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ)
- Баглан Сарбай (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті)
- Нуртазин Мирас( Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті)
- Базылова Айганым (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Султанова Айдана (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Саргалиева Альмина (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Алимбаев Даниял (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті)
Неміс тілі олимпиадасының қорытындысы:
1 дәрежелі дипломдар:
- Дамир Жансерік (Е.А. Бөкетов атындағы ҚМУ)
- Қадыржан Алуа (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
2 дәрежелі дипломдар:
- Муканова Амира (Е.А. Бөкетов атындағы ҚМУ)
- Қайыржан Тогжан (Мақсұт Нарықбаев атындағы КазГЮУ)
- Науан Даниал (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Ақжүніс Ақатай (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
3 дәрежелі дипломдар:
-Сания Актанова (Е.А. Бөкетов атындағы ҚМУ)
- Уахит Аружан - (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Лапанов Владислав (С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ)
- Кенешбек уулу Марлес – Қырғызстан халықаралық университеті
- Слодовникова Екатерина - Қырғызстан халықаралық университеті
- Тукова София – Пятигорск мемлекеттік университеті, Ресей
Француз тілі олимпиадасының қорытындысы:
1 дәрежелі дипломдар:
- Кадырбаева Гульбина (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
2 дәрежелі дипломдар:
- Сагинбай Гульназ (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Зуева Айим (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
3 дәрежелі дипломдар:
- Кульжанова Сабина (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Орлов Роберт (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Жолдасбек Улпан (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
- Исмаилова Катрина (Пятигорск мемлекеттік университетінің шет тілдері және халықаралық туризм институты)
Испан тілі олимпиадасының қорытындысы:
1 дәрежелі диплом:
- Белая Инесса (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
2 дәрежелі диплом:
- Рустемова Гульсин (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
3 дәрежелі диплом:
- Искакова Аружан (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
Олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. ХҚФ шет тілдері кафедрасы қазылар алқасының мүшелеріне халықаралық онлайн олимпиаданы ұйымдастыруға белсенді көмектері мен қолдаулары үшін, сондай-ақ олимпиаданың барлық қатысушыларына іс-шараға қызығушылық танытқаны және шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін көрсеткендері үшін шынайы алғысын білдіреді. Әрі қарай жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!
ХҚФ шет тілдері кафедрасы
