
Мектеп оқушылары химия кафедрасының зертханасында





11 сәуір 2022 ж Нұр- Сұлтан қаласының 80-мектеп-гимназиясының 10, 11 сынып оқушылары мен химия пәнінің мұғалімдері Бакыт Зиябековна мен Газдрубал Елік ғылым күні қарсаңында Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының
зертханаларына экскурсия жасап, магистранттар мен бітіру жұмысын жасап жатқан студенттердің тәжірибелерін қызықтады, ғылыми зерттеу институттарының доценттері мен профессорларының дәрістерін тыңдады.
4- сәуірде ашылған университетіміздің Құрметті кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Әуезхан Кәріпханұлы Тәшеновтің атындағы аудиторияда болып, ғалымның ғылыми жолы туралы дәрісті кафедраның кәсіптік бағдар жұмысына жауапты доцент м.а. Кульди Сулейменовна Тосмағанбетова оқып берді, сол сияқты кафедраның химиялық зерттеу бағыттары туралы да баяндады.
Оқушылар болашақта өз қолдарымен жұмыс істеп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге ойлары бар екендігін және болашақ мамандықтарының химия пәнімен тығыз байланысты болатындығы туралы ой білдірді.
