
2024 жылдың 27 ақпанында Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының 1‑курс студенттері «Алғыс айту» кешін өткізді.

















2024 жылдың 27 ақпанында Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының 1‑курс студенттері «Алғыс айту» кешін өткізді. Көктемнің алғашқы күнімен бірге келген Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, «Мың алғыс баршаңызға» атты мерекелік кеш факультет деканы Қосыбаев Мирас Махмедунұлының құттықтау сөзімен басталды. Келесі кезекте, белгілі қазақ композиторы, күйші Қаршыға Ахмедияровтың «Қосбасар» күйін Сейлканов Нұрасыл тамаша орындады. 1 курс студенттері «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметті» ұранымен қазақ, орыс, ағылшын, араб және қытай тілдерінде алғыс білдіру мақсатында өлең жолдарын оқыды. Олардың арасында Муканов Булаттың ағылшын тілінде авторлық туындысы да болды. Ендігі кезекте студенттердің алғыс айту күніне даярлаған арнайы видеосы қойылды. Муканов Булат, Есбол Мади, Ахметов Дінмұхаммед, Муканов Ашим, Касымбаев Адильжан барлық студенттердің атынан факультет деканына, кафедра меңгерушісіне, оқытушылар құрамы мен кураторларға алғыстарын білдірді. Кеш Муканов Ашимның орындауындағы әнмен әуенді нотада аяқталды.
Авторы: Шакен Н.Р.
