
"Химия" кафедрасы біздің еліміздің атынан химия бойынша командалар дайындайды









Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасы менҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы біздің елімізді халықаралық аренада ел намысын қорғайтын химия пәнінен құрама команда мүшелерін даярлауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде бірлесе отырып жемісті еңбек етуде. Жылына екі рет оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлап, өткізeуде. Қысқы оқу- жаттығу сабақтары 2022 жылдың 12-17 желтоқсан аралығында өтті, ол 57-ші Халықаралық
Д.И. Менделеев олимпиадасы алдындағы дайындық ретінде жүргізілді, оған республикамыздың әр облысынан 15 оқушы қатысты, ал жазғы оқу- жаттығу сабақтары 2023 жылдың 29, 30 мамырында өткізілді, оған 19 оқушы қатысты.Жазғы оқу - жаттығу жұмыстарының қорытындысы бойынша химиядан Дүниежүзілік олимпиадаға баратын үміткерлер іріктеліп алынатын болады.
Химия пәні бойынша Қазақстан республикасының құрама командасына химия кафедрасының доцент м.а., PhD Тосмаганбетова Кульди Сулейменовна жаттықтырушы ретінде аналитикалық химияның сапалық және сандық талдау әдістері бойынша зертханалық жұмыстарды ұйымдастырып, өткізді.
Зертханалық жұмыстарға қажетті ерітінділер мен қондырғыларды кафедраның оқу-ұйымдастыру жұмыстарының көмекшілері Пәрімбек Перизат Әлібекқызы мен Абдраманова Шолпан Смайлқызы дайындап берді.
Болашақ олимпиада жүлдегерлерін дайындап шығаруда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен химия кафедрасының бірлесе отырып бағытталған ынтымақтастық жұмысы одан әрі жалғасын табады.
Тосмағанбетова К. С.PhD, химия кафедрасының доцент м.а.
