
Астана қаласы мектептерінің 7-10 сыныптары арасында химия пәнінен олимпиада қорытындысы









04.03.2023ж. Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасында Астана қаласының мектептерінің 7-10 сыныптары арасында химия пәнінен олимпиаданың университеттік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қатысуға өтініш берген орта мектептер: № 16, № 19, № 20, № 44, № 55; мектеп-лицейлер: № 1,№11,№ 27№ 48, № 60, №62, №73, №79,№ 89; мектеп- гимназиялар: № 2, № 4, № 14, № 30, №32, № 52, № 68,№83, №86; сондай ақ, №81 Халықаралық мамандырылған мектеп «Astana English School», Қаныш Сәтбаев атындағы Binom school, Қадір Мырза Әли атындағы Binom school, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom school, Қоянды орта мектебі.
Өтініштің жалпы саны 60,оның ішінде олимпиадаға қатысқан оқушылар саны 40 болды.Олимпиада химия кафедрасында 10:30 - 12:30 аралығында № 3корпустың 121, 122 аудиториясында өтті. Барлық жұмыстарды комиссия мүшелері тексерді.
Тосмағанбетова К. С. PhD, химия кафедрасының доцент м.а.
