
Химия кафедрасының мектепте өткізген «Ашық есік» күні





2022 жыл 22- 27 қазанда қалалық мектеп оқушыларына Жаратылыстану ғылымдар факультетінің «Ашық есік» күндері өтті. Биылғы өткізу форматы өзгеше болды, яғни мектепке барып өткізу талап етілді. Химия кафедрасы Астана қаласының А. Байтұрсынов атындағы №48 мектепте Химия кафедрасыны құрметті кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Ә.К. Ташеновтың атындағы химия зертханасында өткізді. Оған 11«А», 11«Ә» сыныптарының оқушылары қатысты. Кафедра бойынша кәсіптік бағдар беруге жауапты К.C. Тосмағанбетова химия кафедрасының тарихымен, оқытушы-профессорлар құрамымен, кафедраның болашақтағы даму бағыттарымен презентациялық материалдарды қолдана отырып таныстырды.
Химия кафедрасының доценті Л.А. Кусепова «Ашық есік» күніне «Microsoft Teams» платформасы арқылы online қосылып, кафедраның оқу бағдарламалары, олардың ашылу тарихы, бағыттары туралы таныстырды. Бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында оқытушылар ретінде өндірісте істейтін мамандар да оқу процесіне тартылатынына назар аударды. Баяндау презентациялық материалдарды қолдана отырып жүргізілді. Оқушылар химия кафедрасы туралы толық мағлұмат алды.
Автор: х.ғ.к. Тосмағамбетова К.С.
