
Химия кафедрасының Қытаймен ынтымақтастығы

Химия кафедрасы 2022-23 оқу жылында Орталық Азия мен Қытайдың жетекші университеттерімен өзара әрекет пен ынтымақтастық болашағы үшін үлкен жұмыстар атқарды, оның басты мақсаты бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын құру болып табылады.
Бұл жұмыстың нәтижесінің біреуі 2023 жылдың мамыр айында – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Наньнин мемлекеттік педагогикалық университеті (ҚХР) арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы екіжақты келісім (меморандум).
Халықаралық ынтымақтастық екі университеттің де мемлекеттік дипломдарын беру арқылы студенттерді оқытуды ғана емес, сонымен қатар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, біліктілігін арттыру курстарын жүзеге асыруды, т.б. серіктестіктердің біртұтас білім беру және ғылыми жүйесін құру.
Жаратылыстану факультетінде – мұндай халықаралық университетпен ауқымды білім беру бағдарламасы алғашқы рет жасалынып отыр.
Меморандумға сілтеме:
https://drive.google.com/file/d/1-rN6kO9g4QOMoqq1r8fcS55YBud96qqZ/view?usp=share_link
