
Химия кафедрасының оқытушы-зерттеушісі Р. З. Сафаров Алпамыс мектебінде дәріс өткізді







2023 жылдың 8-ші ақпанында Астана қаласының Алпамыс мектебінде химия кафедрасының оқытушы - зерттеушісі Р.З. Сафаровтың шолу дәрісі өтті. Руслан Зайырұлы қалдықтардың құрамын зерттеу, оларды картаға түсіру және алынған нәтижелерді талдау әдістері туралы жан-жақты баяндады. Оқушылар тақырыпты тереңірек түсінгендіктен, одан әрі өз беттерінше жетілдіруге бағыт алып, зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын білдірді.
Алпамыс мектебі-өзінің жоғары білім деңгейімен және педагогикалық жетістіктерімен Астана қаласының танымал жетекші мектептерінің бірі болып саналады. Мектеп - ғылым, технология, өнер және спортты қоса алғанда, әртүрлі салаларда кең білім қорын ұсынады. Алпамыс мектебі оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту бойынша белсенді жұмыс жасайды, олардың салауатты, зияткерлік өсуін қолдау үшін түрлі конкурстар мен іс-шаралар өткізеді. Мектеп өз білімі мен тәжірибесін оқушылармен бөліскісі келетін қонақтарды, соның ішінде республиканың жетекші университеттерінің оқытушылары мен зерттеушілерін қуана қарсы алады.
Оқытушы-зерттеуші, х.ғ.к. Сафаров Р.З.
