
«Деректерді сандық және сапалық өңдеу әдістері. SPSS бағдарламасы» ғылыми семинары

2024 жылғы 5 наурызда ҚР ҒЖБМ АР13067794 «Қазақстандағы зерттеу білімі: докторанттарды ғылыми даярлау мазмұнын модификациялау (шетелдік тәжірибе негізінде)» гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясындаЛ.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінде психология ғылымдарының кандидаты, Психология кафедрасының доценті Нұрадинов Алмат Сәбитұлының «Деректерді сандық және сапалық өңдеу әдістері.SPSS бағдарламасы» атты ғылыми семинары (онлайн, офлайн форматта) өткізілді.
Ғылыми семинар жұмысына профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар қатысты.
Тыңдаушылар сандық және сапалық зерттеу деректерімен жұмыс істеу туралы түсінік алды. SPSS бағдарламасын қолдана отырып, деректерді талдаудың негізгі әдістерімен танысты. Атап айтқанда, деректерді талдау және визуализациялау үшін сипаттамалық статистика әдістерімен; корреляциялық талдау және статистикалық гипотезаларды тексеру принциптері, соның ішінде t-тест, бір факторлы және көп факторлы дисперсиялық талдау. Сапалы деректерді түсіндіру үшін қолданылатын тәсілдер мен әдістер туралы түсінік алды.
