
Қонақ үй менеджменті саласындағы халықаралық бизнес магистрі студенттерге қазақ қонақжайлылығының негіздері туралы айтып берді



Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аға оқытушысы, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, қонақ үй менеджменті саласындағы халықаралық бизнес магистрі А. Әмірбаева «Туризм» кафедрасына келді. Қонақ оқытушының мақсаты 6B11105 - Туризм және 6B11107 - Мейрамхана және қонақүй бизнесі мамандықтарының студенттеріне “Қазақ қонақжайлылығының негіздері” пәні бойынша дәріс оқыды.
Нәтижесінде қонақ оқытушы қонақжайлылық тарихымен таныстырып, қазақ қонақжайлылығының қазіргі жағдайы және оның даму перспективалары туралы түсінік қалыптастырып, қазақ қонақжайлылығының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білім берді. Жұмыс бағдарламасы аясында "Қазақ қонақжайлылығына этно-тарихи саяхат", "Қазақ қонақжайлылығындағы ұлттық қазақ тағамдарының ерекшеліктері", "Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар – қазақ қонақжайлылығының негізі", "Қазақ қонақжайлылығында қонақтарды қабылдау этикеті", "Киіз үйі - қазақ қонақжайлылығының негізі" атты тақырыптар оқытылды.
