
Erasmus+ академиялық ұтқырлық халықаралық ынтымақтастықты дамыту құралы ретінде



2024 жылғы 3-сәуір күні Ғылым декадасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінде «Erasmus+ академиялық ұтқырлық халықаралық ынтымақтастықты дамыту құралы ретінде» атты семинар шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Салиева Динара Оңғарбайқызының баяндамасымен өтті.
Семинарға PhD Мейрамбековой Л.К. бастаған шет тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы қатысты.
Д.О. Салиева білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды, ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы ақпаратпен таныстырды; Марибор университетінде (Словения) өткен Staff Training Week (STW) аясындағы тренинг нәтижелерімен таныстырды; шет тілі сабақтарында ice-breaking activities қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстармен бөлісті; сонымен қатар баяндамада STW дәрістері мен интерактивті воркшоптарынан негізгі үзінділер қамтылды.
