
ЕҰУ-де әдебиеттанудағы структурализмнің әдіснамалық негіздері талқыланды



Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жанат Аймұхамбет «Ғылыми зерттеу әдіснамасы: әдебиеттанудағы структуралистік әдіс» атты ғылыми семинар өткізді. Бұл тақырып әдеби мәтіндерді терең талдауға қызығушылық танытқан көптеген ғалымдар мен студенттердің назарын аударды.
Жанат Аймұхамбет структурализмнің әдіснамалық негізін, құрылымдық лингвистика теориясын, структурализм мектебінің қалыптасу тарихын, көркем әдебиеттегі таңба, символ, деталь, бейне секілді теориялық аспектілерді талқыға салып, ғылыми тұжырымын айтты.
Сонымен қатар, әдебиеттегі структурализм мектебінің негізін салушы ғалымдар Клод Леви-Стросс, Ролан Барт, Роман Якобсон, Ю.Лотман, В.Борев және т.б. ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып, осы тақырыптың қазіргі әдебиеттанудағы маңыздылығын түсіндірді.
Семинарға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.
Бұл ғылыми семинар келесі аптада да жалғасын табады.
