
Қазақстан Ғылым күніне орай ЕҰУ-дың бірқатар қызметкерлері марапатқа ие болды
Қазақстан Ғылым күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірқатар қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді.
Салтанатты шараны ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов ашты. Әріптестерін Ғылым күнімен құттықтаған академик Мемлекет басшысының отандық ғылымды дамытуға үлкен көңіл бөліп отырғанын және соңғы уақытта қаржыландыру 3 есеге өскенін баса айтты. Бұл мәселе Ғылым және жоғары білім министрлігі үшін де басымдыққа ие.
«Қазір мемлекет ғылымды, оның ішінде университетті дамытуға үлкен қаражат бөлуде. Біздің университет зерттеу мәртебесін алуға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтуге ерекше мән беруде. Зерттеу университеттерінің міндеті – экономикаға қажетті жоғары деңгейдегі кадрлар мен мамандарды, ғалымдар мен зерттеушілерді дайындау. Біз жастарды ғылымға тартып, олардың арасынан нағыз дарын иелерін анықтауымыз керек. Университет жас ғалымдарға үлкен қолдау көрсетіп, олардың өсуіне барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Бірақ, зерттеу мәртебесі нақты іспен дәлелденуі тиіс екенін атап өткім келеді. Қазіргі заманғы ғылыми зертханалар салу жеткіліксіз, ол зертханаларда ғылыми жобалармен айналысатын ғалымдар болуы керек. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық және ғылыми жолдарыңызға табыс тілеймін!», - деді Ерлан Сыдықов.
ЕҰУ ректоры Қазақстан Республикасының «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін бірқатар қызметкерлерге табыс етті. Олардың ішінде: «Қаржы» кафедрасының профессоры Ысқақова Зағира Дүйсембайқызы, «Биотехнология және микробиология» кафедрасының меңгерушісі Масалимов Жақсылық Қайырбекұлы, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры міндетін атқарушы Мұсабалина Гүлнар Төлеуғазықызы және «Туризм» кафедрасының меңгерушісі Муталиева Ләйла Маратқызы мен Инновациялық даму департаментінің директоры Жексембаева Әсел Ермекқызы бар.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен:
«Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушы-зерттеушісі Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы, «Шығыстану» кафедрасының меңгерушісі Бірімқұлова Гүлнар Үсербайқызы, «Орыс филологиясы» кафедрасы доцентінің м.а. Тоқсанова Сания Көптілеуқызы, Жаратылыстану ғылымдары факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Жанғазин Саян Берікұлы,
«Құрылыс» кафедрасының доценті Жанболат Әнуарбекұлы, Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Көмекбаев Ермек Сержанұлы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталғандар: «Туризм» кафедрасының доценті Мусина Камшат Пазылбекқызы, «Халықаралық құқық» кафедрасы меңгерушісінің м.а. Ақшалова Роза Жарасқызы, «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы Нұрзада Амангелді,
«Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Балтабаева Жәният Байжұманқызы, «Іргелі математика» кафедрасының доценті м.а. Жұмабаева Айнұр Амангелдіқызы, «Психология» кафедрасының аға оқытушысы Токатлыгиль Юлия Сергеевна, «Қазақ әдебиеті» кафедрасы доцентінің м.а. Сағынадин Гүлназ Сағынадинқызы.
Сондай-ақ, ректор атынан бірқатар қызметкерлер грамоталар алды.
Ғылым күніне орай ЕҰУ ректорының грамоталарын алған қызметкерлердің тізімі
