
Дипломалды практика нәтижесі



4 наурыз бен 16 сәуір аралығында Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенттерінде диплом алдындағы практика өтті. Тәжірибе орындары әртүрлі болды, мысалы: «Медиа клуб», «Құқықтық медиа орталығы», «ЕҰУ баспаханасы» және т.б.
Студенттер теориялық және практикалық оқудың алдыңғы кезеңінде алған теориялық білімдерін, дағдыларын тәжірибеде бекітіп, кеңейтті.
Олар бейне материалдар түсіріп, монтаждаумен айналысты, газеттер мен сайттарға материалдар жазды, іс-шаралар ұйымдастырды және жаңа дағдылармен жаңа білім алды.
Жалпы, барлық студенттер үшін тәжірибе жақсы өтті. Диплом алдындағы практика аяқталғаннан кейін студенттер өздерінің барлық материалын университетке алып келіп, Комиссия мүшелерінің алдында қорғап шықты. Бұл жолы комиссия құрамында ЕҰУ оқытушылары: А.О. Есдәулетов, Б. Т. Баткеева, С. Х. Қанапьянов және А. П. Жанысбаева болды.
Комиссия мүшелері әр студентті мұқият тыңдап, олардың презентацияларын қарады, сұрақтар қойып, жауаптарын алды.
Нәтижесінде практика студенттер үшін де, комиссия мүшелері үшін де сәтті өтті.
