ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ «XXI ҒАСЫР ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АБАЙ МҰРАЛАРЫ» АТТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАН ІІ-ОРЫН ИЕЛЕНІП ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Алматы қаласында 19 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған Республикалық педагогикалық олимпиадасында Әлеуметтік ғылымдар факультеті «Педагогика» кафедрасының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту», «Педагогика және психология» және «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламаларының студенттері жүлделі ІІ- орын иеленді.
Аталған олимпиада жарысына Амангелдиева Диана Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту білім беру бағдарламасының 3 курс, Хайруллина Дильназ және Тұрғанбек Ақнұр Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2 курс, Алмасқызы Жайық әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері қытысып бақ сынады.
Топты дайындаған жетекшілер: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Муталиева Ардақ Шагайқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Байменова Ботагөз Серікбайқызы және педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахтанова Салтанат Көбейбекқызы