
ЕҰУ-де жас геологтардың IV қалалық олимпиадасы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында 10-11 сынып оқушылары арасында Жас геологтардың IV қалалық олимпиадасы өтті. Іс-шараның мақсаты - түлектердің геологиялық білімге деген қызығушылығын қолдау, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шара екі кезеңде екі тілде өтті: 1 кезең – теориялық тест, 2 кезең – минералогия бойынша практикалық жұмыс. Олимпиадаға Қазақстанның астанасы мен облыстарының мектептерінен 80 жас геолог қатысты. Олимпиаданың негізгі тақырыптары минералогия мен петрографияға, эндогендік және экзогендік геологиялық процестерге, атап айтқанда вулканизм, сейсмикалық, мұздану, эолдық, су процестеріне қатысты болды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен Астана қ. ФМБ НЗМ оқушысы Ерасыл Омуртаев марапатталды; екінші дәрежелі дипломдармен Астана қ. ФМБ НЗМ оқушысы Фариза Рамазанова және Орал қаласынан Ольга Кривобокова марапатталды, 3 дәрежелі дипломдар Астана қ. ФМБ НЗМ оқушылары Аслан Омаров және Айзере Оразға, Қостанай қаласынан Юстус Дмитрийге табысталды.
Төрешілер алқасында: ERG Exploration жобалық геологы, PhD доктор Дастан Мақат; геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Айгүл Байдаулетова; «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының доценті және олимпиаданың бас судьясы Марияш Аралбекова болды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік кәдесыйлар табысталды.
Олимпиаданы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Кәсіптік бағдар беру бөлімі «Kazakhmys Barlau» ЖШС-мен, ERG Exploration серіктестігімен және «Жас геолог» корпоративтік қоры өткізді.
