
6В11302 «Логистика» (сала бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша XVІ республикалық пәндік студенттік олимпиада









2024 жылдың 19 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6В11302 – «Логистика» (сала бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Көлік логистикасы» пәнінен XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту, ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 10-нан астам жоғары оқу орындары қатысты: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Логистика және көлік академиясы» акционерлік қоғамы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Азаматтық Авиация Академиясы, Жәңгір хан атындағы «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ.
Конкурстық комиссия нәтижесінің қорытындысы бойынша II тур олимпиадасының келесі жеңімпаздары анықталды:
III орын - Қасымқанова Жанерке Бегжанқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекшілері: Сартова Рысты Бозманайқызы - э.ғ.к., доцент; Нұрмағамбетова Асылзат Маратқызы -оқытушы);
III орын – Кулбаракова Жәния Абзалқызы, Жәңгір хан атындағы «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ (жетекшісі: Кубашева Жанна Қайыржанқызы, т.ғ.к., доцент);
III орын - Молдалы Назерке Нұрғалиқызы, С. Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (жетекшілері: Балгабеков Толеу Кунжолович, т.ғ.к., доцент; Ақерке Бақытжанқызы Сағатбекова, ғылым магистрі, аға оқытушы);
II орын - Гусман Мадина Исламовна, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (жетекшілері: Ордабаева Гүлсайра Муайыққызы ғылым магистрі, аға оқытушы; Ибраимов Тарас Сағызғалиұлы, ғылым магистрі, аға оқытушы);
II орын - Көшенова Әсел Манасқызы, . М. Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (жетекшісі: Шойбеков Бауыржан Жүсіпұлы, т.ғ.к., доцент);
I орын - Арсланбаев Азамат Майданұлы, «Логистика және көлік академиясы» акционерлік қоғамы (жетекшісі: Мусалиева Роза Жалиловна, қауымдастырылған профессор).
6В11302 «Логистика» (сала бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша XVІ республикалық пәндік студенттік олимпиаданың жеңімпаздары ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталады.
