
ЕҰУ-ның “Туризм” кафедрасы түрік телерадиокомпаниясымен ынтымақтасуды жоспарлап отыр

TRT телеарнасының кеңсесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Туризм» кафедрасының Қазақстандағы TRT Өкілдігімен (түрік телерадиокомпаниясы), Еуразиялық өнер академиясымен және TIKA Қазақстан ұйымымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайындығы талқыланды.
Меморандумның мақсаты мәдениет, археология, өнер, түркі тарихы мен мәдениетін дәріптеу саласындағы ынтымақтастық мақсатында ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызмет салаларындағы ұйымдар арасында әріптестік қарым-қатынас орнату болып табылады.
Талқылауға Түркия мен Қазақстанның ғылыми және бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты, атап айтқанда:
- Мехмет Захид Чалышкан мырза (Қазақстандағы TRT (түрік телерадиокомпаниясы) өкілдігінің басшысы);
- профессор доктор Тансель Терджан («Rixos President Astana» қонақ үйінің бас директоры, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі);
- профессор, доктор Нұрфер Терджан (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әлеуметтану кафедрасы);
- профессор, доктор Лейла Махат (Еуразия өнер академиясының президенті);
- профессор Ляйля Муталиева («Туризм» кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ);
- Ассоц. профессор (доценттің м.а.) Аруана Акишева (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Туризм» кафедрасы).
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою күні мен шарттары айқындалды.
