ЕҰУ күміс университетінің тыңдаушылары модельдеу және тігу дағдыларын игерді
Үздіксіз білім беру институты 2024 жылдың 6-27 сәуірі аралығында "Модельдеу және тігу негіздері" курсын өткізді.
Курста өлшеу, өрнектер салу, маталарды таңдау, жеке стиль құру мәселелері қамтылды.
"Сән әлемімен байланысу мүмкіндігі шін рахмет. Көптеген жылдар бойы мен кесу және тігу курстарын армандадым. Ойлар басында болды, бірақ шындыққа айнала алмады. Модельдеу және жобалау курстары өте сұранысқа ие және нарықта қымбат. ЕҰУ күміс университетінің ұйымдастырушыларына курстардан өтеусіз өтуге мүмкіндік бергені үшін рахмет. Дәріскер Гүлнәр Жамалидің кеңестері мен ұсыныстары, сызбалары, материалдары баға жетпес", - деп жазды тыңдаушы Айгүл Жүсіпбекова.
"Осы курс болады дегенде қатты қуандым. Сондықтан да өз қолымызбен өзімзге киім тігуді үйренуімізге мүмкіндік берген ЕҰУ басшылғына, бәрінің басы-қасында мұрындық боп жүретін Райхан Баймагомбетоваға алғысымыз шексіз. Курсты үйретуші ұстазымыз Гүлнара Жамали бізге аз ғана уақытта авторлық бағдарламада айтылғаннан да ауқымды білім беруге тырысты. Соның нәтижесінде жеке стильді таңдау бойынша түрлі киім үлгілерін жасау мүмкіндігіне ие болдық. Алдағы уақытта, егер мүмкіндік болса, бізге осы курс бойынша білімімізді тағы да жалғастырсақ деген тілегіміз бар, - деді тыңдаушы Айтқүл Мырзатаева.
Тыңдаушылардың өтініші бойынша курс жалғасады.