
Қазақстандық әйелдер саяси және қоғамдық өмірге қаншалықты белсенділік танытады?



Саясаттану кафедрасының постдокторанты, «ҚР саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру және қатысуын кеңейту» жобасының ғылыми жетекшісі Әйгерім Серікжанова ZOOM платформасы арқылы «Әйелдердің ҚР саяси және қоғамдық өміріне қатысуы» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.
Вебинардың модераторы Әйгерім Серікжанова зерттеудің аралық нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ сарапшылар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындылары туралы айтты.
Вебинар спикерлері ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Жанар Санхаева «Әйелдердің сайлауға қатысуы» тақырыбында; «Erkindik qanaty» Қоғамдық қорының атқарушы директоры, тең құрылтайшысы Елена Швецова – «Әйелдердің саяси құқықтары»; Body Pro желісінің негізін қалаушы; кәсіпкер Зарина Гусман «Бизнес саласындағы әйелдер» тақырыбында сөйледі.
Жанар Санхаева әйелдердің ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуы туралы айтып берді, сондай-ақ шетелдік зерттеулер көрсеткендей, қазіргі уақытта бүкіл әлемде әйелдерге саяси амбициясы төмен, осыған байланысты олар сайлауға түспеу туралы шешім қабылдайтынан атап өтті.
Елена Швецова «Erkindik qanaty» қоғамдық қорының зерттеулерімен бөлісті, сондай-ақ «елдегі дәстүрлі құндылықтар қыздарға, әйелдерге мемлекет істерін басқаруға толық қатысуға кедергі келтіретінін» айтып, әйелдердің елдің саяси өміріне қатысуын құқықтық қамтамасыз ететін ұлттық және халықаралық нормаларға тоқталды. Сондай-ақ, Е. Швецованың пікірінше, құқықтық тұрғыдан барлық саяси құқықтарға кепілдік берілгеніне қарамастан, іс жүзінде «әйелдердің мемлекеттік-саяси органдарда өкілдігі бізде өте төмен».
Зарина Гусманның пікірінше, жыл сайын әйелдердің саясаттағы өкілдігі артып келеді және «бизнесте жағдай әлдеқайда жақсы». Спикер атап өткендей, елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Алайда, З. Гусман әлемде «ер инвесторлардың 90%-ы тек қана ерлер басқаратын компанияларды ғана инвестициялауға бейім» деп атап өтті.
