
Purdue University (АҚШ) ғалыми қызметкері геотехникалық институтқа, ENU-Lab зертханаларына және KGS-Astana"ЖШС келуі



Геотехникалық институтының директоры, т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Құрылыс» кафедрасының профессоры, Асқар Жусупбеков, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, ғылыми байланыстарды нығайтуда құрылыс саласынның келешекте дамуын талқылау және тәжірибе алмасу үшін Purdue University (АҚШ) ғылыми қызметкері PhD Райхан Токпатаевамен кездесті.
PhD Райхан Тоқпатаева зертхана қызметкерлерімен Геотехникалық институтта, ENU-Lab лабораторияларында және ЖШС «KGS-Astana»-да болды. Сапар барысында аталған ұйымдардың қызметкерлері зертханалық орындар мен жабдықтарды көрсетті, сонымен қатар жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер, жабдықтарды пайдалану жүйелері мен қолданылатын әдістер туралы қысқаша айтып берді.
Атап айтқанда, геотехникалық институтта топырақтың физика-механикалық қасиеттерін зерттеу, геотехникалық құрылыстарды модельдеу бойынша жабдықтар көрсетілді.
ENU-Lab зертханасында топырақты, құрылыс материалдарын және конструкцияларды зерттеу зертханалары көрсетілді.
ЖШС «KGS-Astanа» да қадалардың күрделі топырақ жағдайындағы жұмысын зерттеу бойынша зертханалар көрсетілді.
Зертханаларға бару Қазақстандағы құрылыс саласындағы зерттеулер мен практикада қолданылатын озық әдістер, технологиялармен танысуға мүмкіндік берді.
PhD Райхан Тоқпатаева білім беру бағдарламаларын және зерттеулер жүргізуді қоса алғанда, Қазақстанда құрылыс ғылымын дамытуға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді. Оның Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде болуы студенттер, оқытушылар және ғылыми қоғамдастық үшін маңызды қадам болады, өйткені ол өз білімі мен тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын жүргізеді.
PhD Райхан Тоқпатаеваның Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға сапары Қазақстандық және Американдық ғалымдар арасындағы ғылыми байланыстар мен тәжірибе алмасуды одан әрі нығайту үшін маңызды болмақ.
