
«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттері 2024 жылғы Республикалық пәндік олимпиада жеңізпаздары атанды







2024 жылдың 25-26 сәуірінде Алматы қаласындағы, Халықаралық Білім Беру Корпорациясы, Қазақ Бас Сәулет - Құрылыс Академиясының ұйымдастыруымен 6В07361 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Республикалық пәндік олимпиада – студенттің ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағыт-бағдарын айқындайтын тамаша ғылыми ізденіс.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, сәулет-құрылыс факультеті, осы бағыт бойынша комиссияның шешімімен бірінші турдан дарынды, жүйрік студенттерімізді іріктеп, «Құрылыс материалдары» және «Бетон технологиясы» пәндерінен өткізілетін жоғары оқу орындары студенттері арасында 2024 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға жолдамалар табысталды. Республикалық пәндік олимпиадаға даярлаған, ғылыми жетекші, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Уркинбаева Жузимкул Исаевна.
Республикалық пәндік олимпиаданың мақсаты, студенттердің білім деңгейін одан да әрі жоғарылату, оқу-зерттеу шығармашылығын дамыту, студенттің кәсіптік-жеке жоғары қабілеттілігін ашу және бетон технологиясы мен құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары өндірістік бағыттары бойынша болашақ жас мамандарымыздың дайындығын бағалай отырып барлық байқауларда үздік нәтижелер көрсету.
2024 жылғы Республикалық пәндік олимпиада сайыстарының қорытындысы бойынша Сәулет-құрылыс факультеті «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының бәсекеге қабілетті, ойы жүйрік озат студенттері жеңімпаз атанып, ДИПЛОМ - дармен марапатталды:
1. Студент Кеңес Айым Сералықызы «Құрылыс материалдары» пәні бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында 2024 жылғы Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері II - ші дәрежелі ДИПЛОМ;

2. Студент Ордаев Әділет Алмасбекұлы «Құрылыс материалдары» пәні бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында 2024 жылғы Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері III - ші дәрежелі ДИПЛОМ; 
3. Студент Көпішев Дияс Еркінұлы «Бетон технологиясы» пәні бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында 2024 жылғы Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері III - ші дәрежелі ДИПЛОМ;
Республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздары - бәсекелестікке қабілетті білім бәйгесіндегі жоғары көрсеткіштеріміздің бірі!
Жеңімпаздар мен Республикалық пәндік олимпиадаға студенттерді дайындаған кәсіптік білімі жоғары, білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосып жүрген ғылыми жетекші Уркинбаева Жузимкул Исаевнаны білім сайысындағы жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз! - деді Сәулет-құрылыс факультет деканы Е.Е.Сабитов.
