
Баянауыл ұлттық табиғи паркі: бабалар жолы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің туризм кафедрасы «Тарихшылардын Ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Шәкен Айманов 110 жылдығына орай Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 2 күндік турмаршрут ұйымдастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында биыл елімізде көптеген ақын-жазушылардың мерейтойлары атап өтілетіні туралы айтты. Оның ішінде республикалық деңгейде Баянауыл өңірінде Қаныш Имантаұлы Сәтбаевтың 125 жылдығы, Шәкен Аймановтың 110 жылдығы, Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы, Әлкей Марғұланның 120 жылдығын атап өту жоспарлануда.
Осыған орай, Туризм кафедрасының жұмыс тобы туристік әлеуетке зерттеу жүргізді: Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі тарихи-мәдени туризм объектісі ретінде. Соның нәтижесінде Баянауыл жері бойынша «Бабалар жолы» атты 2 күндік туристік маршрут әзірленіп, ұсынылды.
Турмаршрут бағдарламасына мыналар кіреді:
1-күн: киелі жерге зиярат ету, Мәшһүр Жүсіп кесенесіне, мұражайына және үйіне, сонымен қатар киелі бұлаққа бару.
22-күн: Қаныш Сәтбаевтың мұражайына, Шәкен Аймановтың ескерткішіне және оның мұражайы орналасқан Шәкен Айманов атындағы орта мектепке бару. Одан кейін Абай ауданындағы Баянауыл тауының батыс беткейіндегі Аққарағай тауының оңтүстік-батыс етегіндегі киелі үңгір – Қоңыр әулие үңгірін аралау. Жергілікті тұрғындар оны «Әулиетас» немесе «Қара әулие» деп те атайды.
Келесі кезекте жоңғарларға қарсы соғысқан аты аңызға айналған қазақ батыры Жасыбай батырдың ескерткішіне, Баянауыл Кемпіртас қорығының немесе Баба-Яга тастың басты көрікті жеріне, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесі мен мұражайына, бұлаққа бару.
«Туризм» кафедрасының меңгерушісі Ляйля Муталиева, аға оқытушылар Айбек Марат және Ботагоз Ахтаева, «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының аға оқытушы Сауле Жумабаева және «Ынтымақ» корпорациясының мүшелері ұйымдастырылған туристтік маршрутына 8 автокөлікпен аралады.
Баянауыл ауданы – ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың, қоғам қайраткерлерінің туған жері. Олардың есімдері тек Павлодар облысына ғана мәлім емес. Мұнда қазақ халқының тарихы мен фольклорын жинаушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев, белгілі ақын Бұқар жырау, сазгер, ақын Ж.М. Байжанов, тарихшы-педагог М.Ж. Көпеев, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров, ақын-философ Жаяу Мұса.
Қазақстан ғалымдарының арасында геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Лениндік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қаныш Имантаұлы Сәтбаевтың алатын орны ерекше.
Кеңес ғылымының дамуына академиктер Ш.Шөкин, Ә.Марғұлан, ғылым докторлары Ә.Бектұров, Е.Бекмаханов, С.Бейсембаевтар үлкен үлес қосты. Баянауыл жерінен сусындаған ақын-жазушылар: Д.Әбілев, Қ.Бекқожин, З.Шашкин, Қ.Исабаев, кинорежиссер және актер – КСРО халық әртісі Ш.Айманов және т.б.
Өткен жылы облыста Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығы мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы аталып өтілді.
