
ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Рахметқажы Іскендірұлы Берсімбаймен кездесу
2024 жылдың 15 мамыр күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» тақырыбында ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің жалпы биология және геномика кафедрасының Құрметті кафедра меңгерушісі, профессор Рахметқажы Іскендірұлы Берсімбаймен кездесу сағаты өтті.
![]() |
![]() |
Мақсаты: Ірі ғалым, дарынды зерттеушінің еңбегі мен ғылыми мұрасын өскелең ұрпаққа өнеге ету, ғалымның патриоттығы мен білім мен ғылымға деген айрықша құштарлығын оқушы бойына ұғындыру.
Кездесу сағатына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы биология және геномика кафедрасының меңгерушісі профессор Ильдербаев О.З., профессор Татаева Р.К., профессор Мукатаева Ж.М., профессор Шапекова Н.Л., доцент Базарбаева Ж.М., аға оқытушылар Токсобаева Г.А., Нурмухамбетова Г.С., Арипова А.А., Айнагулова Г.С. қонақ ретінде қатысты.
Алғысөзді білім ордасының басшысы Ғани Бақытұлы Әметбеков сөйлеп, ғалым Рахметқажы Іскендірұлы Берсімбайға ризашылығын білдірді. Академик Рахметқажы Берсімбай өз кезегінде мектеп оқушыларына арналған «Генетика ғылым ретінде және оның өміріміздегі рөлі» атты шағын баяндама жасады. Ол ғылымға қалай келгені туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп оқушылары биология және медицина ғылымдары саласы бойынша көкейкесті сұрақтарын қойып, еркін сұқбат жүргізді.

2022 жылғы мектеп түлегі, академик Рахметқажы Берсімбайдың стипендиясының иегері, бүгінгі таңда Астана қаласының Медицина университетінің 2 курс студенті Рысқұл Азат сөз сөйлеп, мамандық таңдауда оқушыларға кеңес берді.

Кездесу соңында мектептің биология бағыты бойынша қалалық және аудандық олимпиадаларға қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар: Төлеген Айдана (7 «Г» сыныбы), Шахмет Әділбек (8 «Ә» сыныбы), Серік Жігер (9 «Ә» сыныбы), Құраманғали Дәрия (10 «Ә» сыныбы) және «Pro Eco» ғылыми жобалар байқауының жүлдегері Сапарова Шолпан (10 «Д» сыныбы) академик Рахметқажы Берсімбайдың жыл сайын берілетін стипендиясымен марапатталды.
![]() |
![]() |
Кездесу сағатының екінші бөлімінде профессор Шапекова Неля Лұқпановнаның ұйымдастыруымен мектепте «Асық ату» клубы ашылды. Астана қаласының Асық ату федерациясынан Асық ату спортынан Қазақстан Республикасының спорт шебері Қайыпбеков Мырзамұрат Холмұратұлы келіп, ойын ережесімен таныстырып, мектеп оқушыларына ұлттық спортымызды ұлықтады.
![]() |
![]() |
Мектептің өнерлі жұлдыздарынан құралған «Домбыра дастан» ансамблі, әнші Нұржанұлы Нұрхан және Қазбек Дінмұхамед пен Сәрсенбаев Мансұр өнерлерін ортаға салды. Кездесу соңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Күлтегін декадасы» аясында ғалым ұстаздар мектеп ауласына ағаш отырғызу рәсімін өткізді.







