
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру жалғасуда





Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 16 мамырдағы № 231 бұйрығына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеуді компьютерлік форматта ұйымдастыру жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілді.
Өңірлік мемлекеттік комиссияның құрамына құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.
Ағымдағы жылы негізгі ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде дейін жалғасада. Дегенмен, төтенше жағдай жариланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі.
Өтінімдерді қабылдау 6-10 мамыр аралығында, ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының тест тапсырушылары үшін 6-13 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1 мүмкіндігіне, 11 мамыр мен 14 мамыр аралығында, ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының тест тапсырушылары үшін 14-20 мамыр аралығында 2 мүмкіндігіне тіркеу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (app.testcenter.kz) жүзеге асырылды.
ҰБТ-2024-те тестілеу форматында тест сұрақтарының саны бойынша Қазақстан тарихынан қатысушылар 20 тапсырманы, оқу сауаттылығы бойынша – 10, математикалық сауаттылық бойынша – 10 және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырманы орындайды. Барлығы – 120 сұрақ. Ең көп ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).
ҰБТ-да бейіндік пәндер бойынша максималды балл саны 50 ге дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, тестілеу нәтижесінде оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша ең кемі 3 балл жинау керек. Ал, Қазақстан тарихы мен бейіндік пәндер бойынша шекті 5 балл сақталынып қалды.
2024 жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері тестілеуді 2 рет тегін тапсырады, гранттар конкурсына талапкерлер ҰБТ-ның ең үздік нәтижесін ұсына алады.
ҰБТ өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын ғимаратта толық тексеру жүргізіледі.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жауапкершілігімен Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілуін бақылау кестеге сәйкес 16.05.2024 ж. мен 09.06.2024 ж. аралығында Астана қаласы, Т.Жүргенов көшесі, 18/2 мекен-жайында орналасқан «U-Study» республикалық тестілеу орталығында жүргізілуде.
Өңірлік комиссия құрамы тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық қызметкерлерді және психологтың жұмысын, мүмкіндігі шектеулі тестіленушілерге көмекші маман беру іс-шараларын жүзеге асырады. Комиссия құрамына Басқарма төрағасы-ректор Ерлан Сыдыков, Кәсіби бағдар беру бөлімінің маманы Еркебұлан Саурықов сондай-ақ ҰБТ ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның басқа да өкілдері кіреді.
