
ПОСТДОКТОРАНТ А. АМАНГЕЛЬДИЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Философия кафедрасының аға оқытушысы, постдокторант Асан Амангельдиев ағымдағы жылдың 10-17 мамыр аралығында AP15473151 «Цифрлық қоғамды қалыптастыру мәселесі Қазақстандағы әлеуметтік әділдікті дамытудың шарты ретінде» зерттеу жобасы аясында Алматы қаласына ғылыми іс-сапарға барды.
Ғылыми іс-сапардың негізгі мақсаты – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми базасымен танысу, оқытушы-профессорларымен кездесу және зерттеу жобасы аясында зерттеулер жүргізу. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы кітапханалардан ақпарат жинау болатын.
Іс-сапар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Әсет Абайұлы Құранбек жеке қабылдады. Әсет Абайұлы университеттің ғылыми әлеуеті, цифрландыру саласындағы атқарып жатқан жұмыстары және мамандықтар туралы баяндады. Университет туралы арнайы дайындаған презентациясын таныстырды.
Іс-сапар аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Д. Құрманалиева, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты А.Рыскиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры, профессор Шадкам Зубайда, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының оқытушы-профессор құрамымен және т.б. мамандармен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің жоғары білім және ғылым саласындағы зерттеулері, цифрландыру мәселелері, университеттің білім беру жүйесі және тағы басқа мәселелер талқыланды.

15 мамыр күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Хаджи Байрам Вели атындағы Анкара университетінің (Түркия) профессоры, Edeb Erkan (EE) журналының Бас редакторы Ахмет Ташкынның (Ahmet Taşğin) «Scopus базасына мақала дайындау және IMRAD жүйесі» тақырыбындағы ғылыми семинарға қатысты. Профессор Ахмет Ташкын өзі редактор болған, Scopus базасына кіретін «Turk Kulturu ve Haci Bektas Veli – Arastirma Dergisi» (ISSN:1306-8253) журналындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Асан Амангельдиев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғылыми кітапханасына барып, ақпараттық технология, жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы зерттеулермен, ғылыми басылымдармен танысты.
Іс-сапар барысында Алматы қаласында орналасқан ҚР Ұлттық кітапханасындағы ғылыми әдебиеттермен танысып, ақпараттар жинақтады.
